Атыраулық демонстранттардың жетекшісі Макс Боқаев шерудегі бассыздыққа өзінің кінәсі бар екенін мойындады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы ол шерудегі бастамашыл топтың облыс әкімдігі басшылығымен болған кездесуінде айтты.
«Өкінішке қарай қақтығыс барысында жас бала қаза тапты. Бұл өзім үшін де халық үшін де өте ауыр жағдай. Негізі митингті басқарудан кетіп қалуым керек еді. Дегенмен, кетем дегенімде, адамдардың: «Макс, сен бастадың, соңына дейін аяқта» дегенін тыңдадым. Бұл болған оқиғаларға мен кінәлімін. Өйткені, осы митингті екі күн басқарып жүрдім. Мына қайғылы оқиғадан кейін алаңға шығып, атыраулықтардың алдында митингті басқарудан бас тарттым» деді Макс Боқаев.
Айта кетейік, қаңтардың 5-і күні Атырау қаласындағы бейбіт шерудің соңы қақтығысқа ұласып, бір адам қаза тапқан болатын. Ауыр жарақат алғандар да бар.