Атырау көшелерінде қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін «Жарапазан жыры» биыл алғаш рет шырқалды. Кейінгі кездері ұмыт қалған дәстүр «Иманғали» орталық мешітінің ұйытқы болуымен жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы орталық мешіттің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мәдениет
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде аудандағы мәдениет саласының дамуына, өнердің өрге жүзуіне жастардың осы жолда биік белестерді бағындыруына зор еңбегі сіңген мәдениет майталманы Меңдіғарина Мағзуғаш Тәжіғалиқызын еске алу кеші өтті. «Өмірін өнерімен өрнектеген» тақырыбында ұйымдастырылған кешке Мағзуғаш Меңдіғаринаның кезінде бірге жұмыс жасаған әріптестері, құрдастары, ағайындары мен құда-жекжаттары, бауырлары, ауыл тұрғындары қатысты.
Қайыршақты ауылдық округінің орталығы – Томарлы ауылындағы мәдениет үйінде ұлық өнерді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жалғастыру мақсатында «Айтыс – сөздің майданы» атты қалалық жас ақындар айтысы өтті.
27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында арнайы шара өтті.
Құрманғазыда Смағұл Көшекбаев атындағы мәдениет үйі жанындағы демалыс алаңында 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – мейрам жүректерге нұр сепкен» атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі Әз наурыз табалдырықтан аттап, төрге озды.
Биыл атыраулық жолшылар Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін ерекше атап өтті.
Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы – елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесі.
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында ҚҰРМАНҒАЗЫ ауданы тұрғындарына концерт ұйымдастырды, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Наурыз мерекесіне орай қаламыздың «Nurly Tal» этнографиялық саябағында «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Бұл туралы «Smart Ana» әйел-қыздар даму орталығының директоры Динара Ваисова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Аудан тұрғындары мен қонақтарын 21 наурыз күні өтетін “ЕЛ БІРЛІГІ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” атты “Астана сазы” Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің мерекелік концертіне шақырамыз.
"Әз-Наурыз мейрамына орай аудан көлемінде өтетін мерекелік шараға байланысты 21 наурыз күні сағат 10:00-13:30 аралығында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің аумағынан бастап «AMANAT» партиясы ғимаратының алдына дейінгі орталық жол уақытша жабылатындығын қаперлеріңізге береміз" делінген хабарламада.