Махамбетте тегін наурыз-көже мен бауырсақ таратылды

Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы – елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесі. Наурыз мерекесінде Махамбет ауданының шағын кәсіп иелері тұрғындарға дәстүрлі мерекелік тағамдар – көже мен бауырсақ ұсынды. Аудан тұрғындары мен қонақтарын дәмді көжемен тойдыруға тігіншілер, шаштараз қызметіндегілер, сұлулық салонының қызметкерлері, сауда-саттықпен айналысушылар ат салысты. Қ.БАҒЫТ