ATPress.kz. 8 ақпан. Атырау қаласында «Алатау шыңы» II республикалық балалар мен жастар шығармашылық сайысы өтті.
Сайысқа Жылыой ауданындағы №1 Құлтумиев саз мектебінің өнерлі балалары «Ән салу өнері» номинациясы бойынша қатысып, жүлдемен оралды.
«Ән салу өнері» бойынша Арсен Төлеген бірінші орын иеленіп, Алматыға жолдама алды. Сонымен қатар, Аружан Айсанова бірінші орынды, Қуандық Бейсен және Еркебұлан Қыдырбаев екінші орынды, Нұрпейіс Жанаев пен Есенбай Рамазан үшінші орынды иеленіп, қайтты. Осы жерде жас та болса өз ісіне жауапкершілікпен кірісіп, шәкірт тәрбиелеп, өнерге баулып отырған ұстаз Азамат Құлдрахмановтың еңбегі зор екендігін атап өткен жөн.
Ж. Шаңқанова