Қасиетіңді балаң білген Туған жер

ATPress.kz. 10 желтоқсан. Индер ауданы жұртшылығы өзінің жан-жақта жүрген перзенттерін шақырып, 8 желтоқсанда жаңа мәдениет сарайында «Туған жер, еш нәрсе жоқ сенен ыстық, өйткені, сенен туып, сенен ұштық» тақырыбымен үлкен форум-шеруін өткізді.

Форум дендерліктердің басын қосып, «Тәуелсіз Қазақстанның бір бөлшегі ел мен жерді одан әрі көркейту үшін не істей аламыз?» деген үлкен кеңеске ұласып, аудан әкімі Серік Арыстан бастаған өңір басшылары мен мамандары дайындаған ұсыныстарға қолдау көрсетуге ұласты.

Бұл жалпы құны  70 млн теңгеге тең ұсыныстар, басқа да көптеген жұмыстар, атап айтқанда Х. Досмұхамедов атындағы АтМУ ректоры Абзал Тәлтенов, жазушы Қойшығұл Жылқышиев, Амантай Берғалиевтерден қолдау тауып, жас мамандар дайындап, кітаптар шығаруға, өнерпаздарға киім тігуге көмектеспек болса, Көктоғай тумасы бүгінде ақтөбелік атанған Ғабит Урбесинов, индерлік Сағидолла Құлғалиев, Мырзабек Тасыбаев, бөденелік Қази Мусағалиев, өрліктік Саят Шахманов, есболдық Асқар Сатыбалдиев, елтайлық Нұрғали Жәлиев, тағы басқалары тарапынан әр ауылды абаттандырудың бағыттары нақтыланып, округ әкімдері мен кәсіпкерлер арасында меморандумдарға қол қойылды.

Бұл кездесуге Маңғыстаудан Қаджымұрат Хайрушев бастаған алыстан келген қонақтар, ауданның кәсіпкерлері, ардагерлері көптеп қатынасып, көрмені тамашалап, ел жетістіктерімен танысты. 

 

Өз тілшіміз,

Индер ауданы