Өнерлі бүлдіршіндер ұстаханасы

ATPress.kz. 15 желтоқсан. Халық ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, қазіргі таңда, талай дарынды да, өнерлі өрендерді тәрбиелеп шығарған өнер ордасы Сағыз ауылындағы Аманбай Өміров атындағы балалар саз мектебінің негізін қалауш

Биылғы жыл осындай ардақты азаматтың туғанына 75 жыл, өзі негізін қалаған мектебіне 40 жыл. Осыған орай, таяуда «Елім деп соққан жүрегім, арналды саған өнерім!» атты екі күндік шара болып өтті. Алдымен, аудан орталығы Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде аталмыш тақырыпта Сағыз ауылындағы А.Өміров атындағы балалар саз мектебінің мұғалімдері мен өнерлі бүлдіршіндер, мектептен түлеп ұшқан шәкірттер концерт қойса, осынау игі шара келесі күні Сағыз ауылында жалғасын тапты. Келген қонақтардың мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысудан басталған шара одан әрі мектептің негізін қалаушы, дарынды дирижер, ұлағатты ұстаз, күйші Аманбай Өміровті еске алуға ұласты. 

Бұдан бес жыл бұрын аталған мектептің 35, Аманбай Өміровтің 70 жылдығына арналған келіні, ақын, журналист Айнахан Есеттің «Ақ желең» атты кітабы жарық көрген-ді. Онда Аманбайдың өнегелі өмір жолдары, оркестр мүшелері, шәкірттері, әріптестерінің өнердегі жетістіктері  баяндалған. Міне, сол кітаптың заңды жалғасы ретінде саз мектебінің тарихы мен мектептен  түлеп ұшқан түлектері, ардагер ұстаздар мен қазіргі таңда сабақ беретін мұғалімдердің өмір жолдары  топтастырылған Сәндігүл Дәуленова мен Бауыржан Сисенов құрастырған «Өнегесі өрісті өнер ордасы» атты  кітап оқырмандарға жол тартты.

 

Сатыбалды Сағымпазов