«Камертон» олимпиадасы басталды

ATPress.kz. 10 желтоқсан. Құрманғазы ауданында балалар музыка және өнер мектептерінің оқушылары арасында музыка-теория пәндері бойынша ашық-халықаралық «Камертон» олимпиадасы басталды.

Оған Ресей Федерациясы, Астрахань облысы, Красный Яр селосының №15 балалар өнер мектебінің педагогтары мен оқушылары, Д. Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінің оқытушысы Н. Темірбаева, Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Г. Құбаева, Д. Нұрпейісова және Дәулеткерей балалар өнер мектебінің оқытушылары қатысуда.

Олимпиадада оқушылар фортепиано, скрипка мамандықтары бойынша оқитын 6-7 сынып, халық аспаптары бөлімі негізінде 4-5 сынып оқушылары бақтарын сынауда.

 

Өз тілшіміз