Исатайда өнерпаздар концерті өтті

1 тамыз күні аудан жұртшылығы асыға күтетін әр аптаның бейсенбісіне жоспарланған “Өнерім саған-туған ел” атты ауылдық округ өнерпаздарының қатысуымен кезекті кешкі концерт өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ауыл өнерпаздарын насихаттау, жас таланттарды анықтау, халыққа көңілді кеш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны Нарын ауылдық округінен келген өнерпаздар жалғастырды.

Концерттің алғашқы сөз кезегін алған Нарын ауылдық округінің әкімі Асқар Абуов, аудан тұрғындарына өзінің жылы лебізін жеткізіп, керемет кештің куәсі болуға шақырды.

Возможно, это изображение 2 человека

Концертте жергілікті композиторлардан бөлек қазақ вальсінің корольі Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри шырқалып, аға буын мен жастардың бір сахнада тоғысқан сәтін аудан халқы ерекше ықыласпен тамашалады. Әуезді ән мен мың бұралған биге көзайым болған көрермендердің де көңіл күйі көтеріңкі болды.

Шара соңында аудан басшысы Нұрым Бекежанұлы өнерпаздарға өзінің жылы лебізімен қатар алғыс хаттарын да табыс етті. Атап айтқанда аудан әкімінің алғыс хатына Нарын ауылдық округ өнерпаздарынан бөлек жекелей, Эльназ Жанпейісқызы, Марта Ақылиденқызы және Жанбота Ерболатқызы ие болды.