Индерде аудандық мұражай жаңартылды

ATPress.kz. 4 желтоқсан. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодта, яғни тілде, дәстүріміз бен салтымызда, мәдениетіміз бен тарихымызды айшықтайтын шежіреде жатыр. Осыған орай, Индер аудандық мұражайының ғимараты қайта жаңартылып, салтанатты жағдайд

Айтулы шарада Индер ауданы әкімі Серік Арыстан дүйім жұртты құттықтады. Және мұражайдың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сейілхан Мирашқа, экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жансая Сейітмұхамбетоваға, экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің маманы Ерлан Тілекқабылов пен Айнұр Пернеқұловаға «Алғыс хат» тапсырды. Сонымен бірге, республикалық Махамбет қорығына су таситын автомобильдің кілтін мекеме директоры Сәрсенбай Дәуітбаевқа ұсынды.

Мұражай бес экспозициялық бөлімінен, атап өтсек, аудан тарихы, тарихи тұлғалар, аудан ардақтылары, этнографиялық, өлке тарихи және археологиялық залдан тұрады. 

 

Өз тілшіміз