ATPress.kz. 26 қаңтар. Негізі сонау өткен ғасырдың 1971 жылы қаланған Индер аудандық «Ақ Жайық» вокальды аспаптар ансамблі замана ағымымен аракідік тыңдарманынан ажырап қалғанмен, соңғы кездері қайта жандана бастады.
Іргетасын композитор Қалдыбай Тілегенов қалап, алғашқы кездері Зәмзәм Дәуітов сынды дарынды саңлақ жетекшілік еткен ансамбль 2012 жылы қайта құрылып, Астана күні алғашқы концертін беріпті. Содан бері аттай алты жыл өтіп, біраз ауданды аралап, халық ықыласына бөленуде.
«Біздің репертуарымызда бірнеше халық әндері бар. Толық жұмыс жасауға біліктілігіміз жетеді. Алайда, клуб жанынан қоғамдық негізде ғана құрылғандықтан, жүйелі жұмыс жүрмейді. Сондықтан да, ансамбльдің штаттық негізде болғанын қалаймыз», - дейді ансамбльдың жетекшісі Нұрлан Қарекешов.
Ж. Исламғалиев