Қазір 500 мын тоннадан астам шөп пен 44 500 тонна құрама жем сатылымға шықты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Қазан айына дейін жиналған шөп көлемін 605 мың тоннаға жеткіземіз. Сонымен қатар, бекітілген нормадан бөлек, қосымша қажеттіліктер үшін Бастыс Қазақстан және Ақтөбе облысынан шөп пен жем тасымалданады. Жергілікті жерден дайындалатын рулонның бағасы 6 500 теңге, ал жемнің орташа бағасы қабына 1500 теңге, - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Жасұлан Сұлтанғалиев.
Анықтама үшін: облыста 230 894 ірі қара мен 634 240 ұсақ мал бар. Былтыр сабақты мал азығының көлемі 52 900 тонна болған.
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ