Су тасқыны жағдайы бойынша 18 сәуір сағат 00.00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Азаматтық қорғау қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар. 10 млн. Текше метрден астам еріген қар суы сорылды, 3,1 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 134 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды. Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Ал, Атырауда өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына 1034 арнайы техника, 3875 мекеме қызметкерлері, 3741 ерікті, 1751 әскери қызметші жұмылдырылды, 169,7 шақырым бөгет тұрғызылды, 23,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Дереккөз: «Орталық коммуникациялар қызметі»