Атырауға Алматы Қазақстан халқы Ассамблеясынан көмек келді

Атырау облысына су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы штабынан 25 тонна гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек тізімінде азық-түлік, қажетті заттар, гигиеналық заттар, төсек-орын жабдықтары, құрылыс материалдары бар.

- Жүк Атырау облысына Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының гуманитарлық көмек жинау жөніндегі штабының басшысы, Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Қайрыевтің сүйемелдеуімен жеткізілді,-делінген"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.