Атыраудан 1000 текше метрден астам су шығарылды

Қала ішінен 1 080 текше метрге жуық су шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жұмыстар қала аумағын толық жаңбыр суынан тазартқанға дейін жалғасады.

Қазір қаланы жаңбыр суынан тазалау үшін 20-ға жуық вакуум және 47 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Жауын-шашын көлеміне қарай қосымша техникалар тартылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ