Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Байқауға 7-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Мақсат – Мағжаннның ұмытылмайтын өлеңдері мен шығармаларын жас ұрпақтар арасында дәріптеу. Ұлттық құндылыққа баулу және дарынды оқушыларға қолдау жасау. Сайысқа 39 оқушы қатысып, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...», «Өлең – менің Шолпаным, айым, күнім...», «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған...» атты үш бағыт бойынша бақ сынады.
- Жалпы біз жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын кейінгі ұрпаққа жалғастыру мақсатында облыстық байқаулар өткізіп тұрамыз. Осы тұрғыда Мағжан оқуларлары да жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл біздің күн тәртібінен түспейтін негізгі жұмыстарымыздың бірі. Мұндай оқулар әрі қарай жалғасады. Бүгінгі байқаудан Республикалық кезеңге жолдама алған оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргіземіз,- деді облыстық Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» директорының орынбасары Жанар Сәрсенғалиева.
Сайыс нәтижесімен бірінші бағыт бойынша 1-орынды Құрманғазы ауданы, «Еңбекші» орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрай Жолмұханбетова, 2-орынды Қызылқоға ауданы, Ғ.Сланов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Динара Урбисинова мен Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Назым Талғатқызы, 3-орынды Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, облыстық №2 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Айбек Байдаулетов, Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Алихан Жұмабиденов және Жылыой ауданы, №21 орта мектептің 9-сынып оқушысы Дария Басшықызы иеленді.
Екінші бағыт бойынша 1-орын Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дильназ Орынбайға, 2-орын Махамбет ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрай Таңатар мен Жылыой ауданы, №21 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақниет Аманжоловаға, 3-орын №40 З.Қабдолов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Арайлым Табылдыға, Индер ауданы, М.Сиранов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Райхан Сағынтайға және Құрманғазы ауданы, Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Арсен Тұрарбекұлына берілді. Ал үшінші бағыт бойынша 1-орынмен Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің 10-сынып оқушысы Іңкәр Темірғали, 2-орынмен Махамбет ауданы, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айгерім Сансызбай мен Исатай ауданы, Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ақнұр Айбекқызы, 3-орынмен Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия- интернатының 10-сынып оқушысы Әбілғазы Жанболатұлы, Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 11-сынып оқушысы Малика Мұхаммедрахимқызы – ы, және «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Шаттығым Сайхан марапатталды.
Сонымен қатар оқушылар «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» арнайы алғыс хаттарын иеленді.
Айта кетейік, 1-орын алған үш оқушы осы жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.