Министр атыраулық үздік қызметкерлерді марапаттады

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында саланың үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шарада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовке алғыс хат табыстады.

  Сонымен қатар, аталған басқармаға қарасты №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Гүлнәр Зинеденованы әлеуметтік-еңбек саласында көрсеткен жоғары нәтижелері үшін «Әлеуметтік сала үздігі» медалімен марапаттады.

 Ал, басқарманың «Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру» бөлімінің басшысы Зиба Түсіпова көп жылғы адал еңбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.