«Құқықтық тәртіп»: Атырауда мейрамханадан телефон ұрлаған әйел ұсталды

Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-уәкілдері 19 қараша күні Атырау қаласындағы Әуезов көшесінде орналасқан мейрамхананың бірінде ұрлық жасаған адамды ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Тексеру кезінде маркасы iphone 12 телефонын қолды қылғаны анықталды. Қолының сұғанағы бар әйелдің жасы – 38-де. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айта ктейік, 20-30 қараша аралығында қала аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 Эльмира Мықтыбаева

Фото: freepik.com