Соңғы кезде қоғамдық көліктегі тазалықтың ауылы алыстап бара жатқанына күнделікті өмірде өзіміз де куә болып жүрміз, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Әр автопарк өздеріне тиесілі автобустардың тазалығына жауапты. Олардың әрқайсысында көлік жуу орталығы бар. Қызмет көрсету уақыты таяғанда көліктерге тазалық жұмыстары жүргізіледі» дейді Ж.Абылайқызы.
Автобус ішін былай қойғанда, жүргізушілердің «ақ ит кіріп, көк ит шығатын» ауыздары да лас па деп қаласың. Өйткені, көлік ішінде үлкен-кіші отыр-ау демей, телефонмен тілдескен кезде аузына келгенін айтатын шопырлар қариялардан да қымсынбайды.
«№50 бағыттағы 837АВ06 нөмірлі автобустың жүргізушісі даусын шығарып балағаттап сөйлеуді әбден әдетке айналдырған. Аты-жөнін сұрасақ, айтпайды. Тағы бір жолықтырсам, суретке түсіріп аламын ба деп отырмын. Тентекті тезге салатын жауапты орган бар ма?!» деп ашынады бір топ қала тұрғындары.
Осы орайда, айта кетейік, жолаушылар тасымалынан жапа шеккендер болса, «109» байланыс операторына немесе «Smart Atyrau» мекемесінің 8(702)3260929 деспетчерлік нөміріне арыз-шағымын қалдыра алады. Спикерлер жолаушыларға ыңғайсыздық тудырған қызметкерлерге қатаң шара қолданылатынын жеткізді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстратив