Атыраудан сенатор болуға кімдер ұсынылды?

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына 6 кандидат ұсынылды. Оның ішінде: 1 кандидат* сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына - сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмауына байланысты заңда қойылатын талаптарға сәйкес келмеді (ҚР КЗ 4-бабы, 4-тармағының 1) тармақшасы).

Барлығы 5 кандидат тіркелді.

Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен кандидаттар тіркелгеннен кейін облыстық сайлау комиссиясы Мемлекеттік кірістер департаментіне активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге сұрау салуды жолдады.

2 кандидатты тіркеу туралы шешімдердің күші жойылды:

Кандидат Е.Иманғалиевтің декларацияны тапсыру кезінде кандидат және оның зайыбы декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердің анық еместiгiне байланысты (ҚР КЗ 73-бабы, 6-тармағының 3-1) тармақшасы);

Кандидат Қ.Қасымғалиевтің жеке өтінішіне байланысты.

Осылайша, 2022 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс бойынша 3 кандидат тіркелді.

Оның ішінде 1 әйел адам бар;

Кәсіп түрі бойынша: 2 кандидат - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 1 кандидат - мәслихат аппаратының қызметкері.

Мамандықтары бойынша: 1-уі заңгер, 1-уі ауыл шаруашылығы қызметкері,             1-уі оқытушы.

Қандидаттардың орташа жасы - 57 жасты құрайды.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер облыстық газеттерде және сайлау комиссиясының atyrau.gov.kz интернет-ресурсында жарияланды.

*Сайлау науқаны кезінде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында кандидат М.Бокайдың Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясына өзін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес деп тануға мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік ісі қаралып, сот шешімімен кандидаттың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылды.

Барлық іс-шаралар Сайлау туралы Конституциялық заңға және күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 956638, 956653, 354461

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz        

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы мен тіркелуі туралы

АҚПАРАТ

(2023 жылғы 14 қаңтардағы сайлау)

п/п

Аты, әкесінің аты, тегі

 

Туған жылы

Жұмыс орны, лауазымы

Ұсынылуы және

тіркелуі

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

1

Сәрсемалиев Ғильман Әміржанұлы

1968

«Орал - Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК директоры

Өзін-өзі ұсыну,

тіркелді

 

2

Шеркешбаева Бағыт Кеңесқызы

1964

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, директор

Өзін-өзі ұсыну,

тіркелді

3

Қасымғалиев Қанатбек Махмудұлы

1979

«Ембімұнайгаз» АҚ, Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Өзін-өзі ұсыну,

кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды

(ҚР КЗ 74-б., 1, 3-т.)

 

4

Иманғалиев Ербол Зиноллаұлы

1976

Атырау облыстық ауруханасы, директор

Өзін-өзі ұсыну,

кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды

(ҚР КЗ 73-б., 6-т., 3-1)т.)

 

5

Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы

1963

Атырау облысының мәслихаты, хатшы

Өзін-өзі ұсыну,

тіркелді

 

6

Боқай Макс Кебенұлы

1973

Уақытша жұмыс істемейді

Өзін-өзі ұсыну,

кандидат «ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ сәйкес келмейді

(4-б., 4-т., 1) т.