18 «Сәуір», 2023 52

Атырауда жыл басынан бері 10 бала биіктен құлаған


Атырау облысында күн жылына салысымен балалардың биіктен құлау жағдайлары арта түседі. Мәселен, былтыр 32, ал биыл 10 бүлдіршін терезеден құлаған, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы Шодиер Ариповтың айтуынша, көп ретте жоғарыдан 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер терезедегі масаға қарсы торға сүйенген кезде құлап кетеді.

- Он жағдайдың тоғызында бала басымен құлап,  ми жарақатын алады. Егер жарақат ауыр болса, ол мидың көгеруі, контузия немесе ми жарақатын алуы мүмкін. Мидың кез-келген деңгейдегі жарақатының салдарынан  баланың координациясы бұзылады,  психикалық ауытқулар пайда болуы мүмкін. Ауыр жарақат алған  кезінде мүгедектік болады немесе өліп кетуі мүмкін, - дейді Шадиер Арипов.

Сондықтан қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін балаларды жалғыз қалдырмай, терезе алдына жиһаз қоймай, барынша сақтық шараларын сақтап, қырағы болған абзал дейді дәрігерлер.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Тегтер: # Атырау # терезеден құлау # балалар