Бұл туралы AtyrauPress сайтына «Smart Qala» ЖШС-нің директоры Ләззат Досмағамбетова мәлім етті.
Атыраулық зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер 2024 жылдың 22 қаңтарына дейін жасалынған жол жүру смарт-карталарын қайта тіркеуден өткізулері тиіс. Бұл іс-шара жүйені жаңаландыру мақсатында жүзеге асырылуда.
«Ол үшін зейнеткерлік, оқушылар мен студент смарт-карталарының екі жағын, жеке куәлікті немесе туу туралы куәлікті және зейнеткерлік кітапшаны фотоға түсіріп, 8-771-090-90-01 нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ, «Smart Qala» ЖШС-не келіп, тіркелуге де болады. Оқушылар мен студенттерге аныктама қағазын алу міндетті емес», - дейді Л.Досмағамбетова.
Ескерте кетейік, 1 наурызға дейін қайта тіркелмеген жағдайда бұл карталар жүйеден алынып, қолдағы смарт-карталарыңыз жарамсыз болып қалады.
«Smart Qala» ЖШС-нің мекенжайы: М.Төлебаев көшесі 44 А.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: pricom.kz