01 Маусым, 2023 56

Атырауда жәрмеңке ұйымдастыру 95 млн теңге тұра ма?


Шенеуніктер жәрмеңке ұйымдастырушыларға қомақты қаражат төлеуге дайын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында жазылған.

Онда: "Тапсырыс беруші -" Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі "ММ; атауы-конференциялар/семинарлар/форумдар/конкурстар/корпоративтік/спорттық/мәдени/мерекелік және ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу жөніндегі қызметтер; қосымша сипаттамасы – Атырау қаласында жәрмеңке өткізуді ұйымдастыру қызметтері; жоспарлы сомасы – 94 628 571,43 теңге" делінген.

Конкурсқа қатысуға өтінімді 2 маусымға дейін беру керек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: total.kz