14 Қараша, 2022 333

Атырауда өрт салдарынан ықшамаудандар жарықсыз қалды

 Атырауда өрт салдарынан ықшамаудандар жарықсыз қалды

Атыраудағы өрттен кейбір ықшамаудандар жарықсыз қалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 13-14 қарашаға қараған түні Атырау қаласында Бірлік шағын ауданындағы №18 электр қосалқы станциясында өрт оқиғасы орын алып, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен жойылды.
 
Қазіргі уақытта Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, Вокзал маңы шағынаудандары электр қуатынсыз қалып отыр. Жағдай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің жеке бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша "Атырау Жарық" АҚ және қалалық әкімдіктің авариялық қызметтері авариялық жағдайдың салдарын жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 14 қараша күні таңертең Привокзальный шағын ауданында электр қуаты қалпына келтірілді.