Атырауда облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды

Қоғамдық кеңес төрағасы лауазымына Мақсым Ізбасов қайта сайланды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Ашық дауыс беру қорытындысымен Мақсым Ізбасовтың кандидатурасы қайта қолдау тапты. Ізбасов Мақсым Шафихұлы – өңірге танымал тұлға. Ұзақ жылдар мұнай-газ саласында еңбек етіп, басшылық қызметтер атқарған, Жылыой ауданының әкімі болған. Қызылқоға және Жылыой аудандарының Құрметті азаматы. Сонымен қатар, жиында жаңа құрылым таныстырылып, 5 комиссия бекітіліп, төрағалары  сайланды. Экономикалық және өңірлік даму мәселелері комиссиясы, Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі комиссия, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау және құқық қорғау жөніндегі комиссия, Экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелері комиссиясы, Инфрақұрылымды дамыту және коммуналды мәселелер бойынша комиссиялар бекітілді. Комиссияға Жалғас Дүсенғалиев, Нұрлан Сүйінбаев, Асхат Иманғалиев, Шынар Ізтілеуова және Балжан Досмұхамбетова төраға болып сайланды.  Айта кетейік, Атырау облыстық қоғамдық кеңесіне 31 адам мүше. Кеңес құрамы осылайша 93%-ға жаңартылып отыр.