Атырауда мал сатып алатын және құрбандық шалатын орындар белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Мал сататын орындар Көкарна, Сарықамыс, Атырау-Доссор тасжолында («Жұлдыз» шағынауданы, Новостройка қиылысында) орналасқан.
Сонымен қатар, «Адал» (Атырау-Орал тасжолы), «Асыл-Агро» (Атырау-Астрахань тасжолы), «Тума базары» (Ескі әуежай), «Атырау ет орталығы («Береке» шағынауданы), «Қуаныш» ЖК (Береке ауылында) мал сою орындары болып белгіленді.
Құрбан айттың негізгі мақсаты – Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалу.
Айта кетейік, ертең 28 маусым күні таң намазынан соң Құрбан айттың алғашқы күні құрбандық шалынады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА