Атырауда қандай автобустардың жүру бағыты өзгерген?

23 мамырдан бері №30 автобус жаңа маршрутпен жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған автобус бұрынғыдай Нұрсая мен Самалға кірмейді. «СмартАтырау» басшысы Арслан Аронов бұл №4 пен 30А бағытындағы автобустарға түсетін салмақты азайтатынын айтады.

1-бағыт: Авангард - Жеңіс саябағы – Владимирский -  Құрманғазы – Ғұмаров – Тұрғындар қалашығы – Азаттық – Сәтпаев – Әуежай – Академия – Құрманғазы – Авангард. 

2-бағыт: Әуежай – Сәтпаев  – Азаттық – Тұрғындар қалашығы – Владимирский – Авангард - Жеңіс саябағы – Владимирский– Құрманғазы - Академия – Әуежай.

Ал, мәселен, Авангардтан Шалқымаға немесе "Атырау-Ақпаратқа" жету үшін тек №12 автобус қана қалып отыр. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ