Атырауда діни деструктивті ағым өкілінен қару-жарақ тәркіленді

- Атырауда деструктивті діни ағым жақтаушылардың бірінен қару-жарақ тәркіленді. Ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.  1991 ж.т. азаматтан Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде серия нөмірі өшірілген «ОСА» маркалы трафматикалық тапанша табылып, тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның бұрын сотты болғандығы анықталды - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.