24 Шілде, 2022 989

Атырауда жол апатынан үш адам мерт болды

 Атырауда жол апатынан үш адам мерт болды

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 "24 шілде сағат 23:00 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 19 шақырымы тұсында Toyota Prada көлігі мен Ваз автокөліктері жол-көлік оқиғасына тап болды. Салдарынан Ваз автокөлігінің жүргізушісі және 2 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде" делінген хабарламада.