Қазгидромет мамандары 11 қыркүйек, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжам бойынша бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Салдарынан жаңбыр, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, найзағай жарқылдайды, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
"Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді" делінген хабарламада.