Атырауда арзан азық-түлік сатылмақ

«Сарайшық» базарында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қала халқына делдалсыз қолжетімді бағада ұсыну мақсатында 2022 жылдың 19 және 20 қараша күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылады" делінген Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мекен-жайы: Мәден көшесі, 1 "а".