Атырау қаласында 15 қазанда тұрғын үйлерге жылу беру басталды. Алайда, 200-ге жуық көпқабатты тұрғын үйге жылу берілген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау жылу желілері» АҚ вице-президенті Әлібек Темірғалиевтың айтуынша, осы кезге дейін облыс орталығында баланстағы 1 019 көппәтерлі үйдің 764-і жылуға қосылған.
«Атырауда жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Бірақ, жылу беру 10 қазанда басталды. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу үшін ПИК-тің жазбаша өтініші қажет. Алайда, қаладағы бірнеше ПИК ғана үйлерді жылу беру қажетті туралы хабарлады. Сенбі күні біздің қызметкерлер жылу беру крандарын ашуға дайын болды. Бірақ, кейбір ПИК бұған дайын емес екені белгілі болды. «Нұрсая»-3, «Нұрсая»-4 шағын аудандарындағы бірнеше үйді жылуға қосуға мүмкіндік туды. Онда ПИК өкілдері өз адамдарын бірлесіп жұмыс істеу үшін бөлді. Өйткені, олар үйдің барлық тұрғындары жылуды қабылдауға дайын ба, құбырларды, жылыту радиаторларын ауыстыру жұмыстары қайда жүргізіліп жатқанын біледі. Жексенбіде «Радио үйі» шағын ауданындағы тұрғын үйлерге жылу берілді», -деді Әлібек Темірғалиев.
Оның айтуынша, тұрғын үйлерді жылуға қосу дүйсенбіде жалғасады. Түнде Атырауда температура +2 градусқа дейін төмендейді.
Жергілікті билік органдарымен келісе отырып, жылуды қосу үш күн бойы температура +8 градус немесе одан төмен болған кезде жүргізіледі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жылу беру маусымы 15 қазанда басталатынын хабарлаған едік.
Фото ашық дереккөздерден алынды.