Атырау облысындағы қайғылы жайтқа қатысты тың мәлімет шықты

25 сәуір күні Индербор кентінде өртенген пәтерден екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Әйел адамның жағдайы аса ауыр жағдайда, денесін 90-95 пайыз күйік шалған.  Ер адамның жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі таңда екеуіде жансақтау бөлімінде аппартта жатыр" деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін, 25 сәуірде сағат 05:37-де Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірі отқа оранған еді. Өкінішке қарай, екі бала көз жұмып, екі ересек адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. 

Фото: ru.freepik.com