Атырау облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

Мақат ауданында Мақат кентінен Белқұдыққа бет алған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.  

Мақат ауданы ТЖБ № 8 Өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары шақырту орнына жеткен кезде, Мақат кентінен 25 шақырым жерде, Белқұдық елді мекені тұсында 1956 ж.т. және 1969 ж.т. ер азаматтардың «Toyota» маркалы автокөліктерімен жолдың жанында батып қалғаны анықталды.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар жедел авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, батып қалған автокөлікті шығарып, азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Авариялық-құтқару жұмыстарына №8 ӨСБ 5 қызметкері, 1 техникасы және туысқаны жұмылдырылды.

2024 жылғы 7-10 қаңтар аралығында Атырау облысы бойынша елді-мекен жолдарында қалып қойған 15 адам құтқарылды. Оның екеуі жас бала. Сондай-ақ, 5 жеңіл автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді.

Мира Нұртаева