Атырау облысында қамыстың тұтануын оқшаулады

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Исатай ауданының Жанбай ауылынан 20 км қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында жетуі қиын батпақты жерлерде, алдын ала 7 га алаңда қамыс тұтанды.

Өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 18 рет су төгілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері жаяу жүріп өртті сөндіруде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Фото ТЖМ РК