Құрманғазы аудандық емханасында «Балақай» түзете-дамыту кабинеті ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коррекциялық кабинет ерекше балалардың ақыл-ойын дамытуға, мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды түзете-дамытуға арналған. Түзету кабинеті «Теңізшевройл» ЖШС компаниясының қаржылық қолдауымен «Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігінің «Инклюзивті білім» жобасы аясында жүзеге асып отыр.
- Бұл жоба арнайы қажеттіліктері бар балалардың, білім беру мекемелеріндегі инклюзивті сыныптарда оқу мүмкіндігін әлдеқайда арттыратын болады. Мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтендіріліп, тең ортаға көптеп қосылады деген жоспар бар, - деді «Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігі төрағасы Ләйла Сұлтанбаева.
Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша 298 ерекше бала бар. Аталған кабинет айына 40-қа жуық баланы қабылдауға қауқарлы.