Атырау қаласында жолдар жөнделуде
Бүгінде қала инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының аясында жалпы ұзындығы 17,9 шақыршымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, бүгінде Алия Молдағұлова Құлманов көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі аралық жасалуда. Мердігер мекеме- «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты». Қазіргі таңда жол кеңейтіліп,жаяу жүргіншілер жолы салынуда.Аталған аумаққа жоба аясында Бином мектебінің алдына автотұрақ салу жоспарланған.
Сонымен қатар Әбілқайыр хан мен Елорда көшесіне дейінгі аралыққа тас жол салу жұмыстары басталды. Аталған жұмыстарды Казсервисгрупп мердігер мекемесі атқаруда. Жоба аясында жаяу жүргінші жолы,велодорожка, көше жарық шамдары,автотұрақ қарастырылған.
Аталған аумақтарда жөндеу жұмыстары 1 қырқүйек дейін аяқталады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ