16 «наурыз», 2023 130

Атырау автопаркі жаңа 10 автобуспен толықты


 Жаңа автобустардың қандай бағыттар бойынша қызмет көрсететіні де белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бүгін «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты. Салтанатты шараға қала әкімі Мейірім Қалауи арнайы қатысып, көлік кілтін табыстады.

№ 10 және № 20 бағыттар бойынша қатынайтын «Yutong» маркалы жаңа автобус жалпы 50 орынға шақталған.

 Қалалық әкімдіктің қолдауымен сатып алынған жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Өйткені қоғамдық көлік ішінде арнайы көтергіш құралы орнатылған.

Жаңа қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шарасы да қарастырылған. Онда бейнебақылау камерасы қойылған. Ал жаздыгүні  тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін салқындатқыш техникасы мен теледидар орнатылып,  GPS қондырғысы да қарастырылыпты.  Сондай-ақ, автобус жүргізушілері арнайы форма киетін болады.  

Айта кетейік, көлік «Еуро-5» стандарттарына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.

 

Э.МЫҚТЫБАЕВА.

Тегтер: # Атырау # жаңа автобустар # «Algabus» автопаркі