Астаналық оқушылар Microsoft грантын жеңіп алды

Астаналық мектеп оқушылары Microsoft корпорациясының жарты миллион долларлық грантын жеңіп алды. Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков жасанды интеллект негізінде стартап жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Арсен мен Владимир Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары. Оларды бағдарламалауға деген қызығушық біріктіріп, уақыт өте бұл достыққа ұласқан. Олар үнемі бірдеңе ойлап тауып, әдеттен тыс жобалар жасауға құмар. Идеялардың бірі табысқа әкелген. Оқушылар жасанды интеллект негізінде небәрі бір жарым минутта толыққанды веб-сайтты құра алатын онлайн сервис құрған.

"Клиенттің мәтіндік сұраныстары бойынша веб-сайт жасауға болады. Қарапайым тілде айтқанда, мысалы, гүл дүкені үшін шрифт таңдайсыз, түстерді қолданасыз, біздің жасанды интеллект толыққанды веб-сайт жасап шығады. Оны кейін жариялап, халыққа көрсетіп, сол арқылы табыс табуға болады. Яғни, бизнеске арналған веб-сайттарды жасауға болады", - дейді Астана РФММ оқушысы Арсен Қылышбек.

Бұл қызметтің аналогы жоқ екені айтылды. Идея Microsoft корпорациясының назарын аударатындай қызықты болған. Компания студенттерге 550 000 доллар грант берді.

"Грант олардың қызметтеріне несие түрінде. Яғни, бір жерде олардың серверлері, бір жерде төлем жүйелері, әртүрлі техникалық шешімдер және тағы басқалар. Бұл ақшаны басқа нәрсеге жұмсауға болмайды. Оны олардың қызметтеріне бөлуге болады", – деді Арсен Қылышбек.

Жоба әлі аяқталған жоқ. Арсен мен Владимир соңғы мәліметтерді пысықтап жатыр және оны келесі аптада іске қосады.

Жас IT мамандары өз жобасымен Еуропа мен АҚШ нарығына шығуды жоспарлап отыр. Арсен мен Владимир өздерінің стартаптарын танымал ете алатындарына сенімді. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін мектеп оқушылары оған дамытуды қаржыландыратын ірі инвестор табуға үміттенеді.