ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел кәсіпкерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды ATPress. kz.
Онда Бас мүфти қасиетті Рамазан айында кейбір азық-түлік түрлерін арзандату жайында ұсынысын білдірді.
«Еліміздегі кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын» деді ол.
Еске сала кетейік, биылғы Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамыр күні аяқталады.