Атыраудағы Геолог, Жұлдыз, Томарлы, Бірлік, Вокзал маңы шағынаудандарында электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
"13-14 қарашаға қараған түні Атырау қаласы Бірлік шағынауданында №18 электр қосалқы станциясында өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан шахардың бірнеше шағын аудандары жарықсыз қалып, кейбір білім беру мекемелерінде сабақ онлайн форматта өткен еді. Қазір апат салдары жойылды. Бұл жағдай өңір басшысының жеке бақылауында" делінген хабарламада.
Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Бірлікте орналасқан № 35 балабақшада және Боран Нысанбаев мектебінде, Геологтағы № 36 мектеп оқушылары ертең, яғни 15 қараша күні онлайн оқиды. Электр жарығы қосылса осы білім ұйымдарының екінші ауысымдағы оқушылары шаттатық режимде сабақты жалғастырады. № 35 балабақша ертең бөбектерді қабылдамайды.