Биыл облыс бойынша жұмыспен қамту мекемелеріне 6 019 әйел хабарласып, әлеуметтік қолдау шараларымен 5 572 әйел қамтылды. Оның ішінен 2 075-і ауыл әйелдері. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті.
Биыл еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, 281 әйел онлайн skills арқылы және «Бастау-Бизнес» жобасымен 152 адам оқытылса, кәсіптік бағдарлаумен 2 540 адам қамтылып отыр.
- Жыл басынан бері 2 599 әйел жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 426 әйел тұрақты жұмыспен қамтылып, ал мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына 2 173 әйелдер орналастырылды. Енді осылардың ішінде 1 654 адам қоғамдық жұмыстарға, 179 адам әлеуметтік жұмысқа, 71 жас маман жастар тәжірибесіне, 26 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 243 адам «Күміс жас» жобасына жіберіліп отыр, - деді А.Мәмбетов.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ