Универсиада-2023: Бүгін Қазақстан хоккейшілері қола жүлдеге таласады

2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы үшінші орын үшін таласады.

Турнир Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатыр. Жартылай финалда Канададан ұтылып қалған Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері енді қола үшін күреседі.

  Қазақстан құрамасының қарсыласы 1/2 матчта АҚШ құрамасынан қосымша уақытта 3:4 есебімен жеңіліп қалған Жапония құрамасы болмақ.

   Айта кетейік, Қазақстан - Жапония матчы бүгін, 22 қаңтарда Астана уақытымен 22:05-те басталады.