Мұхиттарды қорғау жөнінде жаһандық келісім бекітілді

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 38 сағаттық талқылаудан кейін ашық теңіздің  30%-ын қорғалатын аумаққа айналдыру шешімі қабылданды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап. 

Шартта 2030 жылға қарай дүниежүзілік мұхиттың теңіз флорасы мен фаунасын қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік берілген.

Келіссөздер 10 жылдан астам уақытқа созылған. Оның ішінде келісімді қаржыландыру мен балық аулау құқығына қатысты келіспеушіліктер туындаған.

Мұхитты қорғау туралы халықаралық келісім соңғы рет 40 жыл бұрын 1982 жылы жасалған. Ол бойынша ашық теңіз еркіндігі қағидасын бекітілген.  Мұнда халықаралық суларда барлық елдер балық аулау, кемемен жүзу және зерттеу қызметімен айналысуға құқылы болды. Ал қазір ашық теңіздің тек 1,2 пайызы ғана қорғауға алынған.

Ерекше қорғалатын аумақтарда теңіз климаттың өзгеруіне шамадан тыс балық аулау мен ауыр жүк тасымалдау әсер етеді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының мәліметінше, теңіздегі түрлердің 10%-ға жуығы жойылу қаупінде тұр.

Қазіргі шартта жаңа қорғалатын табиғи аумақтарда балық аулауға, теңізде жүзуге және барлауға шектеулер енгізілмек. Бұл теңіз түбінен 200 метр немесе одан да көп тереңдікте металдар мен пайдалы қазбалар өндірілетін терең теңіздегі тау-кен өндірісіне байланысты шешім.

Табиғатты қорғаушылар тау-кен өндіру процесіне байланысты теңіз өсімдіктерінің зақымдауы, судың ластануы және су астына улы қалдықтардың тарауына алаңдаушылық білдірді.

Мұхиттарды қорғау жөніндегі халықаралық табиғатты қорғау одағының директоры Минна Эппс талқылау барысындағы басты мәселелердің бірі теңіздің генетикалық ресурстарын ортақ пайдалану екенін алға тартты.

Теңіздің генетикалық ресурстары мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардан алынатын биологиялық материалды білдіреді. Ол адамдарға өнеркәсіптік процестерде, тамақ пен медицинада пайдалану үшін белгілі бір құндылыққа ие.

Бай елдердің қазір терең мұхитты зерттеуге мүмкіндігі мен қаржысы бар. Бірақ кедей елдер табылған ресурстарды теңдей бөлісуді жөн көреді екен.

"Үш-төрт пиксельі бар үлкен кең экранды HDTV-ді елестетіп көріңізші. Бұл мұхиттың тереңдігі туралы біздің біліміміз. Біз мұхиттағы 230 000-ға жуық түрді анықтадық. Бірақ кейбір бағалаулар бойынша олардың екі миллионнан астам түрі бар",- деді Стокгольм университетінің мұхит зерттеушісі Роберт Бласиак.

Ғалымның айтуынша дәл қазір мұхиттан алынатын ресурстардың құнын ешкім есептей алмайды екен. Сондықтан оларды қалай ажыратуға болатыны белгісіз.