Абиба Абужақынова – Португалиядағы Гран-при турнирінің қола жүлдегері

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдегері болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Сила Ерсінді (Түркия) ұтты.

Турнир барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) қапы қалдырды.

Ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы – дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр.

Фото Әбиба Әбужақынованың Инстаграм парақшасынан алынды