Мақатта жоғалған шетелдік табылды (+ВИДЕО)

"Мигрант" іс-шарасы: Мақатта жоғалды деп хабарланған шетелдік табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық ПД-інен білдік. 20 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Ресей елінен бағыт алып келе жатқан 1994 жылы туған Өзбекстан елінің азаматы облыстық Атырау-Доссор тасжолында 1985 жылы туған жолаушысы Өзбекстан елінің азаматының автокөліктен шығып белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жөнінде хабарлаған. Хабарлама алғаннан бастап жедел-іздестіру шарасын жүргізген Мақат аудандық полиция бөлімінің Доссор полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған шетелдік азаматты түнгі сағат 2:00 шамасында №469 теміржол бекеті тұсынан анықтап тапты. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ