Әйел құрбысының үйіндегі ең қымбат заттарды ұрлап, жалған заттармен алмастырып отырған

Қытайдың Чанчунь қаласының тұрғыны үш жыл бойы танысын тонап, темір тордан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Money Control-ға сілтеме жасап. 

Цао есімді әйел жаңа үй сатып алып, жөндеу жұмыстарын бастаған. Бірақ жұмыстың барысын өзі бақылай алмаған, өйткені ол көп уақытын жолда өткізетін. Сол үшін ең жақын досы Люға  кілтті беріп, жұмысшыларға бас-көз болуын өтінеді. 

Қаржылық қиындықтарға байланысты Лю ұрлыққа бел буып, үш жыл ішінде Цаоның үйінен 940 мың юань (10,1 миллион рубль) заттарды жасырын алып отырады. Ұрланғандардың арасында 20 құнды зат болған, соның ішінде Hermes және Louis Vuitton сөмкелері, Bulgari білезіктері және қымбат брендтердің киімдері. Қытайлық әйел ұрланған заттарды интернеттен сатып алған жалған заттармен алмастырып отырған. 

Ұрлықты анықтағаннан кейін Цао полицияға жүгінеді. Полицейлер оған құрбысынан күдіктенетіндерін әдейі айтпаған, бірақ кінәлі адамды анықтап, оны тұтқындағалы жатқанын хабарлайды. Әйел қуанышты жаңалықты Люмен бөліседі. Таңғаларлығы құрбысы кінәсін мойындап, одан кешірім сұрайды. 

Лю 12 жылға бас бостандығынан айырылды.