ATPress.kz. 25 маусым. Қазақстан полициясы күніне орай Құрманғазы ауданында мерекелік шара өтті.
Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы жиналған шарада тәртіп сақшыларын Құрманғазы аудан әкімінің орынбасары Ж. Хасанов құттықтады.
Салтанатты шара аясында бір топ полиция қызметкері арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Б. Уахитов