Атырауда бір күнде 140 шетелдік заң бұзған

Бір күнде көші-қон заңнамасын бұзған 140-қа жуық шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы аумағында көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу мақсатында 3-9 маусым аралығында республикалық «Заңсыз келуші-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның 1 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 138 шетел азаматтары анықталды. Оның ішінде шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін республика аумағында жүрген 44 тұлға, сондай-ақ, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам кезеңінде кетуден жалтарған 45 тұлға және визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмай немесе өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтаманы не рұқсаттарды алмастан республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған 46 тұлға ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 46 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Одан басқа, құқық бұзған 4 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ҚР аумағынан шығарылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com