Екі қыздың әкесі: Елордада автобустың ішінде қызға тиіскен ер адам қамауда

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікте оқушы қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.  
Ведомство мәліметінше, бұл туралы ақпарат Сарыарқа аудандық полиция басқармасына 19 мамыр күні кешкі уақытта келіп түскен. 
«Ер адам көп ұзамай ұсталды. 33 жастағы азаматтың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша іс қозғалған. Ол мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 10 тәулікке қамалды»- дейді полицелер. 
Айта кетейік, желіде автобуста 12-жастағы қызға 1989 ж. ер азамат тиісті деген ақпарат тарады. Оқушы қыз бірден анасына хабарласып, оны аялдмамадан күтіп алуын сұраған. Кейін анасы бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Жәбірленушінің анасы автобуста қызына тиіскен ер адамның отбасылы екенін және екі қыздың әкесі екенін жазған болатын.