Жүректерді тербеген Жұмекен – жыр

ATPress.kz. 5 желтоқсан. С. Көшекбаев атындағы Құрманғазы аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі аудандық «Жұмекен оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы және жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Нәтижесінде көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында І орынды Сүйіндік ауылдық округінен келген Жұмекен Ақболатов қанжығасына байлады. ІІ орынмен Нұржау, Еңбекші ауылдық округтерінен қатысқан Айым Райымбекова, Ақбота Бекболатова марапатталса, ІІІ орынды Сафон ауылдық округінен қатысқан Ернар Сабыржанов, Абай және Ломоносов атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары Бекзат Ораз, Айсұлу Асылбековалар иеленді. 

Жас ақындар мүшәйрасында нұржаулық Айым Райымбекова жеңімпаз атанса, ІІ орыннан мақаштық Махамбет Теміртасов көрінді. ІІІ орын М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Сымбат Салауатқа бұйырды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Өз тілшіміз